23.05.2017
Бас прокуратурада мемлекеттік тілді дамыту мәселесі талқыланды
Құқық қорғау органдарының академиясы прокуратура органдарында мемлекеттік тілді дәріптеу мақсатында, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын кеңінен талқылау үшін Бас прокуратурада «Қазақ тілі - баршаға» атты дискуссиялық клубтың отырысы өтті.
23.05.2017
Самұрық-Қазына 2016 жылды жақсы қаржылай көрсеткіштермен аяқтады
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев атап өткеніндей, Қор 2016 жылды оңтайлы қаржылық нәтижемен аяқтады. Атап айтқанда, акционер үлесіндегі шоғырланған таза пайда өткен жылдың қорытындысы бойынша 455 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 292 млрд теңгеге немесе 1,8 есе артық.
23.05.2017
Женевадағы ДДСА-ның 70-сессиясы аясында ҚР Денсаулық сақтау минстрі бірқатар кездесулер өткізеді
Женевада (Швейцария) өз жұмысын бастаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 70-сессиясы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау минстрі Елжан Біртанов бірқатар алыс және жақын шетелдердің министрлерімен кездеседі.
23.05.2017
Мемлекет басшысы БАӘ сыртқы істер министрімен кездесті
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назараев Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
23.05.2017
Алжирдің премьер-министрі Астанадағы ИЫҰ саммитіне қатысатынын растады
Қазақстан Президентінің Арнайы уәкілі – сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов жұмыс сапарымен Алжирге барды. Сапар барысында Арнайы уәкіл Алжир Премьер-министрі Әбделмалік Селлальмен кездесіп, онымен саяси, экономикалық, инвестиция және мәдени салаларындағы екіжақты ынтымақтастыққа байланысты мәселелер жиынтығын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың келешегі талқылады.