29.05.2017
Әділет министрлігі адвокаттық контораның мәртебесін реформалауды жоспарлауда
Әділет министрлігі адвокаттық контораның мәртебесін реформалауды көздеп отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбында өткен Үкімет сағатында ведомство басшысы Марат Бекетаев хабарлады.
29.05.2017
«Е-нотариат» еліміздегі нотариаттық қызметтердің сапасын арттырды
Әділет органдары «Е-нотариат» жүйесінің арқасында нотариустардың қызметін бақылау мен тексеруге уақыт пен ресурстарды аз жұмсайды, деді әділет министрі Марат Бекетаев ҚР Мәжілісіндегі үкімет сағатында.
29.05.2017
ЕАЭО елдерімен өзара сауда 302,6 млн долларды құрады
Алдын ала деректер бойынша 2017 жылғы қаңтар-наурызда Астана қаласының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 302,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңнен 21,6%-ға көп, оның ішінде экспорт - 19,6 млн. АҚШ доллары (10,3%-ға аз), импорт - 283,0 млн. АҚШ доллары (24,6%-ға көп).
29.05.2017
Әділет министрлігі қорғаушылар мамандығына қолжетімділіктің бастапқы жарнасын төмендетуді ұсынды
Қорғаушылардың мамандыққа қолжетімділігін жеңілдету үшін Әділет министрлігі Республикалық коллегиямен бірлесіп бастапқы жарна құнын 100 АЕК-ге дейін төмендету мәселесін қарастыруда. Қазіргі таңда коллегияға ену үшін бастапқы жарна 700-ден 800 мың теңгені құрап отыр. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбындағы Үкімет сағатында айтты.
29.05.2017
ШҚО-да мал шаруашылығын дамыту бойынша кооперативтер құрылады
Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтері белсінді құрылуда. Бұл туралы ШҚО аймақтық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Серік Зайнулдин хабарлады.