30.05.2017
Астанадан бірнеше халықаралық әуе рейсі ашылады
«LOT Polish Airlines» әуе компаниясы Варшавадан Астанаға әуе қатынасын ашады. Рейс 2017 жылы 30 мамырдан аптасына 4 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері Боинг 737 үлгісіндегі әуе кемесімен орындалады, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
30.05.2017
Марокко королі Астанада өтетін ИЫҰ саммитіне қатысады
ҚР Президентінің Арнайы уәкілі – Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Марокко Корольдігіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
30.05.2017
АШМ ағымдағы жылы кооперативтер санын 467-ге жеткізуді көздеп отыр
Бұған дейін белгілі болғандай 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 326 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған болатын, енді оның санын 467-ге жеткізу көзделіп отыр. Жалпы, ауыл шарушылығы кооперативтерін құру жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов айтып берді.
30.05.2017
ЭКСПО-2017 аясында Жамбыл облысында туристерге «Silk Way» туры ұйымдастырылады
Жамбыл облысының әкімдігі өңірлік туроператорларымен бірігіп «ЭКСПО-2017» қонақтары үшін 33 туристік бағыт әзірледі.
30.05.2017
Үкімет ақпарат және коммуникациялар саласындағы өзгерістер туралы заң жобасын қабылдады
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында БАҚ, телерадио хабар тарату, ақпараттандыру және байланыс саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды. Заң жобасын Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев таныстырды.