22.06.2017
Халықтың егуден бас тартуы жыл сайын өсіп келеді – Е. Біртанов
Халықтың егуден бас тартуы жыл сайын өсіп келеді, мысалы, соңғы 5 жыл ішінде бас тарту саны 3 еседен астам өскен. Бас тартудың негізгі себептері адамдардың жеке көзқарастары, деп мәлім етті денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықпен есепті кездесуі барысында.
22.06.2017
Қазақстанда 2016 жылы 11,1 млн скрининг жасалды – Денсаулық министрлігі (ФОТО)
2016 жылы республикада мақсатты топтарға 11,1 млн скрининг-зерттеу жүргізіліп, 250 мыңға жуық дерт жағдайы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықпен есептік кездесуінде айтты.
22.06.2017
Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі немен айналысады
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру жұмыстары басталып кетті. Бұл қызметтің жұмысы неге бағытталатыны туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықпен есепті кездесуінде айтып берді.
22.06.2017
«Астана-Алматы-Үрімші» пойызы жолға шықты
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ және Қытай темір жолы арасындағы уағдаластыққа сәйкес «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде Алтынкөл (ҚР) – Қорғас (ҚХР) шекара бекеттері арқылы «Астана-Алматы-Үрімші» бағыты бойынша темір жол байланысы ұйымдастырылды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
22.06.2017
Қазақстан мен АҚШ халықаралық бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіне зор үлес қосты – Мемхатшы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан мен АҚШ-тың өзара іс-қимылының 25 жылдығына арналған «Қазақстан – АҚШ» атты конференцияға қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.