30.06.2017
Қарағандыда отқа төзімді материалдар өндіру зауыты ашылды
Қарағандыда «SevenRefractoriesAsia» отқа төзімді материалдар өндіру зауыты ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
30.06.2017
Алматыда «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін балабақшалар саны артуда
Алматыда балдырғандармен кәсіби тәрбиешілер жұмыс істейтін жеке коттедждерде ашылған мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің саны артуда, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
30.06.2017
Уақытша тіркеу құжатынсыз жүру мерзімі бір айға дейін қысқартылды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен ішкі мигранттарды тіркеу ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлады ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті.
30.06.2017
Теміртауда қосымша қазандық салу жоспарлануда
Теміртаудағы ЖЭО-2-ні жылыту маусымына дайындау үшін қажетті қаражат 2,7 млрд. теңгеге ұлғайтылды.
29.06.2017
«Бітімгер: Сирия түйіні» кітабы жарыққа шықты
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің 25 жылдығы: қорытындылар, жетістіктер, болашаққа көзқарас» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының барысында көрнекті отандық дипломат Нұрлан Онжановтың «Бітімгер: Сирия түйіні» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, саясаткерлер, сарапшылар және журналистер қатысты.