05.07.2017
Астана процесі көпжылдық дауды аяқтау үшін негіз салады - Ливан Президенті
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Бейрутта Ливан Республикасының Президенті Мишель Аунмен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ.
05.07.2017
Сенат депутаты Қарағанды облысының мәселелерін талқылауға қатысты
Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов 1-5 шілде аралығында Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды. Сенатор қалалық және облыстық мәслихат депутаттары мен жергілікті тұрғындарға Парламент сессиясының қорытындысы туралы және 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы жөнінде әңгімеледі.
05.07.2017
Елбасы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері туралы заңға енген өзгертулерді мақұлдады
Мемлекет басшысы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
05.07.2017
Астана күніне орай Алматыда жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
Алматыда Бөкейханов көшесінің қилысы мен Солтүстік айналым бойында жаңа жол айрығы ашылды.
05.07.2017
Шымкентте Астана күніне орай Елбасы туралы қос кітаптың тұсауы кесілді (ФОТО)
Шымкенттегі облыстық орыс драма театрында «Асқақтай бер, Астана!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара аясында еліміздің тәуелсіздігі мен тарихын, жетістіктерін насихаттайтын «Жаһан таныған жеті тұлға», «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген екі кітаптың тұсауы кесілді.