12.07.2017
Мәжіліс депутаттары Солтсүтік Қазақстанның өнеркәсіп орындарында болды
Петропавлда Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Петр Шарапаев, Кәрібай Мұсырман, Ольга Шишигина және Артур Платонов Көпсалалы жабдықтар зауытына барды.
12.07.2017
Түлкібас ауданында кәсіпкерлер 8,6 млрд. теңгенің өнімін өндірген
Түлкібастық кәсіпкерлер жыл басынан бері 8,6 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұл туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының Түлкібас ауданында атқарылуы бойынша өткен баспасөз конференциясында аудан басшысы Нұрбол Тұрашбеков хабарлады.
11.07.2017
Қарағандыда балаларға арналған нейрооңалту орталығын құру жоспарлануда
Майқұдықта мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасы бойынша жаңа емдеу мекемесін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
11.07.2017
Х.Кошик: Этносаралық қатынастардың үйлесімін орнатуда Қазақстанның даралығы талассыз
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбайдың Германияның Қоныс аударушылар мен аз ұлт істері жөніндегі федералдық үкіметінің уәкілі, Бундестаг депутаты Хартмут Кошикпен кездесуі болып өтті.
11.07.2017
Алматыда 500 адам қатынайтын жаңа емхана ашылды (ФОТО)
Наурызбай ауданында №36 жаңа емхана ресми түрде ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.