19.07.2017
National Digital History шетелде тұратын қазақтар туралы деректі фильм түсірмек (ФОТО)
«Қазконтент» АҚ National Digital History порталының шетелде тұратын этникалық қазақтар туралы «Қиырдағы қазақтар» атты 8 сериялы деректі фильмінің түсірілімі басталды. Деректі фильм 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында дайын болады. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
19.07.2017
Арал ауданында химиялық кластерді дамытуға негіз құрылуда – Қ.Көшербаев
Аймақта тау-кен кешенін дамытудың Жол картасы аясында 3 «зәкірлі» жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.
19.07.2017
Халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі дәрілік атаумен толықтырылды
Жаңа бұйрықта амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі бекітілді.
19.07.2017
Қызылорда облысында суармалы алқап алаңдары артуда
Аймақта суармалы жер су инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Осы мәселе бойынша жуырда кеңес өткізілді.Бүгінде суарылуы нашарлауына және дренаждық инфрақұрылым төмендеуіне байланысты Қызылорда облысындағы суармалы жерлердің төртінші бөлігі пайдаланылмай тұр.
19.07.2017
Корея 2030 жылға дейін ЖЭК өндірісін 20%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр
Оңтүстік Корея экологиялық таза энергияны насихаттау жұмысын мемлекеттік деңгейде жүргізуде. 2030 жылға дейін мемлекет энергия өндірісін жаңартылатын көздер арқылы 20%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігінің тұрақты комиссары Ким Енг Сам ЭКСПО-2017 көрмесінде Корея Республикасының Ұлттық күнін атап өту барысында мәлімдеді.