21.07.2017
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалу барысымен танысады, деп хабарлады primeminister.kz.
21.07.2017
Б. Сағынтаев Петропавлдағы инфрақұрылымды дамыту барысымен танысты
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Петропавлдағы тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және спорт нысандарының, инфрақұрылым және инженерлік коммуникациялардың құрылыс барысымен танысты.
21.07.2017
Бизнеске қойылатын ақпараттық талаптар 30%-ға қысқарады
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелерімен шағын және орта бизнесті дамыту және бизнес ортаны жақсарту шараларын іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады primeminister.kz.
21.07.2017
Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалыста
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді демалыста, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
21.07.2017
Шағын несиелер бойынша өтеусіз негізде кепілдемелер беріледі - Қ.Көшербаев
Қызылорда облысында кәсіпкерлікті дамыту, барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтудың қадамдары жасалуда.