02.08.2017
Астанадағы жәрмеңкеге өнімнің 100 түрі жеткізіледі
Астанаға 50-ден астам өңірлік кәсіпорын өз өнімдерін әкеледі, деп хабарлады әкімдіктің медиа орталығы.
02.08.2017
Астананың ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 31%-ға арты
Астананың Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 31%-ға арты, деп хабарлады статистика департаменті.
02.08.2017
Салық кодексінде мөлшерлемені төмендету ұсынылуда
«Индустрияландыру және экономикалық өсім» Ұлт жоспарының маңызды бағыты болып табылады. «100 нақты қадамның» жартысы осы бағытқа тиесілі. Ұлттық экономика министрлігіне 4 қадам бекітілген. Оның үшеуі салық және кеден кодексіне байланысты, 1 – монополияға қарсы жұмыс. Олардың жүзеге асырылу және маңыздылығы туралы Үкіметте «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыру бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов хабарлады.
02.08.2017
«ҚТЖ» «Эйр Астанамен» бірлесіп, жүк авикомпаниясын ашпақ
Елбасының Жолдауы шеңберінде 2020 жылға дейін транзиттік авижолаушылар санын 1,6 млн адамға дейін көбейту көзделуде. «ҚТЖ» «Эйр Астанамен» бірлесіп, жүк авиатасымалдарын жүзеге асыру үшін жүк авиакомпаниясын ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев ҚР Үкіметінде «100 нақты қадам» ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсу» үшінші институционалдық реформасының экономикалық блок қадамдарын іске асыруға арналған баспасөз конференциясында мәлім етті.
02.08.2017
Мемлекеттік қызмет істерінің агенттігі қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың қатысуымен интернет-конференция өтеді.