02.08.2017
Қазақстаннан келетін туристер қытайлықтарға ұнайды - гид (ВИДЕО)
Қазақстаннан барған медиа-делегация Қытай Халық Республикасында болды. Баспасөз турын ҚР-дағы ҚХР Елшілігі ұйымдастырды. Екі аптаға созылған сапар барысында делегацияға Бейжіңнің тумасы Чэй Сяомэй -орысша аты Лариса серік болды. Strategy2050.kz АА тілшісіне берген сұхбатында ол Қытайдағы өмір, жұмыс, және Қытай мемлекеттік бағдарламалары мен Қазақстаннан келетін туристер туралы кеңінен әңгімелеп берді.
02.08.2017
Ұлт жоспары. 80-қадам (ИНФОГРАФИКА)
02.08.2017
Электр энергетикасы жөніндегі заңнамаға өзгертулер қабылданды
Электр энергетикасы мәселелері жөніндегі заңнамаға бірқатар жаңашылдықтарды қарастыратын өзгертулер енгізілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің баспасөз орталығында ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Қазақстанның электр энергетикасы саласында «100 нақты қадам» -Ұлт Жоспарын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясында мәлімдеді.
02.08.2017
Алматыда АӨК дамыту бағдарламасына 27 компания қатысты
«ЭФКО Алматы» және «Golden Food company», май және консервіленген өнімдерді өндіру компаниялары ҚР АӨК дамыту бағдарламасы шеңберінде 2017-2021 жылдарға мемлекеттік қолдау тапты. Өтінім пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөніндегі комиссия отырысында мақұлданды.
02.08.2017
Астанада «Елорда мәдениеті» бағдарламасы қабылданады
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев елордалық театрлардың директорларымен және көркемдік басшылармен кездесті, деп хабарлады елорданың медиа орталығы.