04.08.2017
Қазақстанда барлық полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен қамтамасыз етіледі (ВИДЕО)
Қазақстанда әкімдердің көмегімен жол-патрульдік полиция бөлімшелері үшін 10,7 мыңнан астам бейнетіркеуіш сатып алынды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев ҚР Үкіметінде «100 нақты қадам» ұлт жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» атты екінші институционалдық реформасын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясында мәлімдеді.
04.08.2017
Қостанай облысында Кейкі батыр кесенесінің құрылысы аяқталуда
Қостанай облысында Кейкі батыр кесенесінің құрылысы аяқталуда, бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында хабарлады.
04.08.2017
Б. Сағынтаев: Экономиканың перспективалы салаларын жақсарту қажет
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда осы саладағы барынша перспективалы бағыттар мен жобалар талқыланды, деп хабарлады primeminister.kz.
04.08.2017
Жаңа ереже бойынша судья лауазымына 191 үміткер іріктелді (ВИДЕО)
Сот жүйесі үшін жоғары білікті судялар корпусын жасақтау басты мәселе болып табылады. Ағымдағы жылы жаңа ереже бойынша судья лауазымына 191 үміткер іріктелініп, қызметтеріне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты жанында сот қызметін қамтамасыз ету бойынша департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы бойынша өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
04.08.2017
Ұлт жоспары. 52-қадам (ИНФОГРАФИКА)