08.08.2017
Астанада Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді
Асанада тамыздың 11-де алғаш рет ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аясында өткізілетін, Украина мен Қазақстанның танымал дизайнерлерінің Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді.
08.08.2017
ШҚО-да балалар үйінің түлегі қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Шығыс Қазақстанда Серебрянск балалар үйінде болған демеушілер 151 балаға теледидар, спорттық киімдер және ойыншықтар табыстады, деп хабарлады ШҚО облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
08.08.2017
Франция елшілігі Қазақстан бойынша бірқатар шаралар өткізеді
Орталық Коммуникациялар Қызметінде Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьен мырзаның қатысуымен «Франция-Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланысқа 25 жыл» атты баспасөз конференциясы өтті.
08.08.2017
ОҚО-да туристер саны артты
2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келген. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 50%-ға көп.
08.08.2017
Қазақстан және Қытай ғалымдары бірігіп ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа түрлерін әзірлейді
Астанадағы "Қазақстан және Қытай (Хэнань) арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық" атты Қазақстан-Қытай бизнес форумында ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар өзара келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.