15.08.2017
ОҚО-ның 130 студенті Рудный қаласында "Серпін-2050" бағдарламасы аясында оқитын болады
Соңғы екі жыл ішінде "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша Рудный индустриялық институтында 250 студент, оның ішінде ОҚО-дан 200-ге жуық студент білім алған. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың жоо ректоры Әбдірахман Найзабековпен кездесуі барысында белгілі болды.
15.08.2017
ҚР ҰЭМ: Үкімет көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету бойынша жұмыс жүргізеді
Ұлттық экспорттық стратегияны іске асыру 2022 жылға дейін шикізаттық емес экспортты 1,5 есе өсіруге мүмкіндік береді. Енді үкімет тауарларды жеткізумен ғана емес, сонымен қатар көрсетілетін қызметтерді ілгерілетумен де айналысатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
15.08.2017
Жолдарды жөндеуден өткізу туристердің ескерткіштерге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді - М.Ысқақов
Маңғыстау облысында Бекет-ата кешеніне апарар жол жөндеуден өтеді, бұл туралы аймақ әкімдігінен хабарлады.
15.08.2017
Қазақстанда Инвестициялық жобалар картасы енгізіледі
Инвесторлармен тиімді жұмыс істеу және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға мониторнг жүргізу үшін Инвестициялық жобалар картасы енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
15.08.2017
Инвестициялық климатты жақсарту мақсатында Ұлттық инвестициялық стратегия қалай әзірленуде
Үкіметтің отырысы барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияның қалай әзірленіп жатқаны жайында айтып берді.