17.08.2017
Ә. Жақсыбеков: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпыұлттық жобаға айналуы тиіс
Соңғы төрт ай ішінде Елбасы қойған міндеттерді іске асыру бойынша нақты жұмыстар іске асырылды. Ұлттық комиссияның құрамына кірген арнайы топ жұмыстарының алғашқы нәтижелері көріне бастады. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.
17.08.2017
Азаматтарды өз елінің өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуға шақыру керек – А.Нүкенов
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновтың төрағалығымен селекторлық отырыс өтті.
17.08.2017
«Қазақстан 2050» қозғалысы қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында қандай жобаларды жүзеге асырады
«Қазақстан -2050» Жалпыұлттық қозғалысының кеңесі қоғам мен жергілікті атқарушы билік арасындағы коммуникациялық кедергілерді жоюға бағытталған жобаны әзірледі. Бұл туралы қозғалыс төрағасы Мұхтар Манкеев ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту Ұлттық комиссиясының отырысында мәлімдеді.
17.08.2017
ШҚО-да «Рухани жаңғыру» аясында 33 бағдарлама іске асырылуда
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы «Рухани жаңғыру» аясында 7 млрд теңге сомасына 33 бағдарламаны іске асыруда. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы шеңберінде облыс әкімі Даниал Ахметов хабарлады.
17.08.2017
Астанада әлеуметтік маңызы бар 188 жоба ұсынылды
Қоғамдық сананы жаңғыртуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Астанада елордалық кәсіпкерлер есебінен меценаттар клубы жұмыс істейтін болады. Аталмыш бағдарламада қоғамдық бастамалар, гуманитарлық акциялар, қайырымдылық бойынша шаралар қарастырылған.