17.08.2017
«Нұрлы жер»: Қазақстандықтар баспанаға қалай қол жеткізе алады (ШОЛУ)
2031 жылға дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 миллион қолжетімді баспана салу жоспарланған. Бұл жайында ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген болатын. «Нұрлы жер» бағдарламасына жауаптылар, ең алдымен Инвестициялар және даму министрлігі, әкімдіктер, банктер, мемлекеттік деңгейдегі қорлар, және өзге ведомстволар (ҰЭМ). Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарлама қалай жүзеге асып жатыр және биылғы жылдың жеті айында қанша тұрғын үй пайдалануға берілгендігі туралы Strategy2050.kz. АА тілшісі дайындаған шолудан оқи аласыздар.
17.08.2017
ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Үндістан елшісіне медаль тапсырды
ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың жетекшілік етуімен Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Харш Кумар Джайн мырза және Үндістанның әскери атташесі полковник Лахбиндер Сингх Лиддермен кездесті, деп хабарлады қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі.
17.08.2017
Н.Назарбаев рухани жаңғыру үдерісі туралы баяндады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
17.08.2017
БАӘ компаниясы ОҚО-дан қоқыс өңдейтін зауыт салуды қарастыруда
Біріккен Араб Әмірлігінің «Schneider & Danzey FZC» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрмыстық қатты заттарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт құрлысын салуға ниетті. Бұл туралы аталған компанияның басшылары Йорга Шнайдер мен Крейг Дензидің Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде мәлім болды.
17.08.2017
Ақтөбелік шауралар 750 метрлік жаңбырлатқыш машина сатып алды
Ақтөбелік шаруалар өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылық өнімі экспортының өсімін қамтамасыз ету мақсатында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануда. Елбасының өңірлер алдында қойған басым міндеттерін шешуде Қарғалы ауданының кәсіпкерлері өз үлестерін қосуда.