25.08.2017
СҚО-да майлы дақылдарды өңдейтiн май тазартатын цех iске қосылды
СҚО-ның Тайынша ауданында дәстүрлi Алқап күнi өттi. Шара аясында Ильичевка ауылындағы «Тайынша-Май» зауытында май тазартатын цех iске қосылды. Оның салтанатты ашылу рәсiмiне СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов пен компания директоры Фан Лунг Фэй қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
25.08.2017
Қарағанды облысында жеке меншік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылады
Қарағанды облысында 2018 жылы балабақшаға кезек мәселесін түпкілікті шешу жоспарлануда. Аймақ басшысы Ерлан Қошанов дәстүрлі тамыз конференциясында барлық қалалар мен аудандарда Қарағанды қаласындағы секілді, мектепке дейінгі жекеменшік мекемелерде мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуды тапсырды.
25.08.2017
ҚР АШМ: Қостанай мен Алматы облысы органикалық өнімді өсіру бойынша көш бастап тұр
«AgroInvest Forum 2017» агроөндірістік инвестициялық форум барысында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Қазақстанда органикалық өнім қалай дамып келе жатқаны туралы айтып берді.
25.08.2017
Шетелдік инвесторлар қазақстандық өңделген ауыл шаруашылығы шикізатына қызығушылық танытуда
2016 жыл қорытындылары бойынша еліміздің ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар көлемі 253 млрд теңгені құрады. Шетелдік инвесторлар өңделген ауыл шаруашылығы шикізатына қызығушылық танытуда, деп атап өтті ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумынан тыс.
25.08.2017
Астанада Қазақстанды жаңғырту мәселелері талқыланды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамда резонанс туғызып, қалың көпшілік арасында қолдау тапқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы өзінің іске асырылуы жөнінен ерекше тәсілді талап ететін жалпыұлттық ауқымдағы терең мағыналы құжат болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров «Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында мәлімдеді.