31.08.2017
Өскеменде Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды
Өскемен қаласында Назарбаев зияткерлік мектептің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өткізілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі ашылу рәсіміне қатысып қайтты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
31.08.2017
Астана қаласы халқының жалпы саны 33 мың адамға көбейді
Астана қаласы халқының саны ағымдағы есеп бойынша 2017 жылғы 1 шілдеге 1006570 адамды, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 444301 (44,1%), «Есіл» ауданы бойынша - 178983 (17,8%), «Сарыарқа» ауданы бойынша 383286 (38,1%) адамды құрады, деп хабарлады қаланың статистика департаменті.
31.08.2017
БҚО-да жастар коалициясы құрылады
БҚО-да «Болашаққа бағдар: жастардың жетістік жолы» атты аймақтық жастар форумы өтіп, оған облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
31.08.2017
Бос жатқан жер учаскелері туралы ақпарат енді онлайн режимде қолжетімді
Қазіргі таңда Қазақстан өңірлерінде бос жер учаскелері туралы ақпаратты ашық түрде жариялау жұмысы жүргізілуде, сондай-ақ, Ұлттық палата кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай картасын құру бастамасын ұсынды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов Үкіметтегі баспасөз конференциясында айтты.
31.08.2017
БҚО-да жолдарды қайта жөндеуге 35,3 млрд теңге бөлінді
Батыс Қазақстан облысында жолдарды салу мен қайта жөндеуге 35,3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгінов облыстық мәслихаттың 12-ші сессиясында мәлімдеді.