06.09.2017
Қазақстанда әскерге шақырылушылардың 80 пайызы әскери қызметке жарамды
Қазақстанда әскерге шақырылушылардың 80 пайызы қызметке дайын, деді ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР ҚК әскери-дәрігерлік комиссия орталығының басшысы Қанат Сұлтанғазин.
06.09.2017
Қазақстан-Польша бизнес форумында 10 меморандумға қол қойылды
Астанада Қазақстан-Польша бизнес форумы өтуде. Іс-шараға 450-ге жуық бизнес өкілі, соның ішінде екі елдің жетекші компанияларының басшылары қатысуда. Форум барысында Қазақстан мен Польша компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы 10 құжатқа қол қойылды.
06.09.2017
Мерзімді әскери қызметке 17 мыңға жуық азамат шақырылды
Биылғы жылдың күзінде 17 мың азамат әскери қызметке шақырылды. Бұл туралы ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің жетекшісі Мүсілім Даиров ОКҚ баспасөз отырысында мәлімдеді.
06.09.2017
Соңғы 10 жыл ішінде Польша Қазақстанға 200 млн долларға жуық инвестициялаған
Польшадан Қазақстанға инвестициялар соңғы 10 жыл ішінде 200 млн долларға жуық құраған. 2016 жыл қорытындылары бойынша тауар айналымы 783 млн долларды құраған. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров Қазақстан-Польша бизнес форумында мәлім етті.
06.09.2017
Екібастұзда АӨК оқыту орталығы өз жұмысын бастайды
Екібастұзда ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандарды дайындайтын халықаралық оқыту орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов Астанадағы Қазақстан – Польша бизнес форумында мәлімдеді.