15.09.2017
"Аралтұз" АҚ Әзербайжанға тұз экспорттауды бастады
Әзербайжанға Арал тұзының алғашқы вагоны жөнелтілді. Бұл туралы Ресей астанасында өтіп жатқан «World Food Moscow» 26-шы халықаралық мамандандырылған көрмесінде компанияны таныстырған "Аралтұз" АҚ-ның маркетинг және тарату жөніндегі вице-президенті Евгений Король хабарлады.
15.09.2017
Астанада үздік деп танылған 20 әлеуметтік жоба таныстырылады
Қазақстанның барлық аймағында үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу аяқталды. Өңірлерден келіп түскен 155 өтініштен биыл 20 жоба үздік деп танылды. Олардың барлығы Астанада өтетін Республикалық көрмеде таныстырылады.
15.09.2017
Қазақстанда ерте жастағы балалардың денсаулығының, тамақтануының жақсарғаны байқалуда
Астанада ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктері басшыларының, ДДҰ, халық-тұрғындар саласындағы БҰҰ Қоры және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен ерте жастағы балаларды дамыту саласындағы мемлекеттік қызметтерді алғашқы бағалау нәтижелері бойынша кеңес өтті.
15.09.2017
Астана хостелдері көрме кезінде 22 мыңға жуық қонақты қабылдады
Елорда хостелдері «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде 22 мыңға жуық мейманды қабылдады, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.
15.09.2017
Kazakh Invest China-ASEAN Expo XIV көрмесінің ұйымдастырушыларынан екі премия алды
Қытайдың Наньнин қаласында China-ASEAN Expo XIV халықаралық көрмесі жалғасуда, оның алаңында қазақстандық жетекші компаниялар «Kazakh Invest» ҰК қолдауымен отандық өндіріс өнімдерін ұсынды, деп хабарлады primeminister.kz.