15.09.2017
Үкімет басшысы Атырау облысындағы балық өсіру кәсіпорындарын жаңғырту перспективаларын бағалады
Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттің қолдауымен іске қосылған Caspian Royal Fish бекіре балығын өсіру кешенін аралады және оны одан әрі дамыту, оның ішінде өндірісті жаңғырту аясындағы перспективалармен танысты, деп хабарлады
primeminister.kz.
15.09.2017
Бақытжан Сағынтаев Атырау облысында бизнесті дамыту үшін аса перспективалы бағыттарды белгіледі
Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінің мүшелерімен өңірде шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлерді еліміздің мұнайгаз саласын цифрландыруға тарту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
15.09.2017
Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында масштабты акция өткізілуде
Астана қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ірі ауқымды «Рухани жаңғыру» жалпы республикалық жастар акциясы басталады, деп хабарлады елорда әкімдігі.
15.09.2017
ОҚО-да екінші бес жылдық аясында Индустрияландыру картасы аясында 47 жоба жүзеге асырылды
Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың соңында «ДезФумекс» ЖШС-нің асфальт және битум шығаратын зауыты іске қосылады.
15.09.2017
Қарағандылық мектептер энергия тиімділігін жоғарылату жобасы бойынша жаңғыртудан өтті
Қарағанды қаласында «Қазақстанда энергия тиімділігін жоғарылату» жобасы аясында жаңғырудан өткен білім нысандарын таныстыру шарасы өтті.