16.09.2017
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан халқының жалпыұлттық символы болып саналатын «Тәуелсіздік және гуманизм» монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлады Ақорда.
16.09.2017
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары сыйлыққа микроавтобус алды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
16.09.2017
Оңтүстік Қазақстанда битум өндірісі бойынша зауыт жаңғыртылуда
«Газпромнефть» компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы битум өнімдерін шығару және сату бойынша еншілес мекемесі «Газпромнефть - Битум Қазақстан» мекемесі Төлеби ауданында қоспаларды металл бөшкелерге құюдың жаңа автоматты желісін іске қосады.
16.09.2017
Қазақстан Президенті Ташкентке келді
Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкентке мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
16.09.2017
Б. Сағынтаев Атырау облысындағы тұрғын үй құрылысының сапасын тексерді
Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Атырау қаласының шағын аудандарының бірін аралап, онда «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынған көппәтерлі тұрғы үйлердің сапасымен танысты, деп хабарлады PrimeMinister.kz.