20.09.2017
Алматы еліміздің ірі экономикалық орталығы ретінде қалыптасты – Н.Назарбаев
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
20.09.2017
«Латын әрпі - ұлттық кодымызды өркендетудің жолы» Манифесті
Астанада Елбасы тапсырмасымен қолға алынған "рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдау бойынша қоғам белсенділері - Ғалым Байтук, Ерлан Саиров, Динара Сәтжанның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Латын әрпі - ұлттық кодымызды өркендетудің жолы» Манифесті таныстырылды.
20.09.2017
Visa мен АХҚО Қазақстанда «қолма-қол есепсіз экономиканы дамытады
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен төлемдік технологиялардың ғаламдық компаниясы Visa қолма-қол есепсіз экономика мен АХҚО-ның Fintech экожүйесін дамыту мақсатында ынтымақтасып қызмет ету үшін Ынтымақтастық пен серіктестік меморандумына қол қойды. Бұл туралы АХҚО баспасөз қызметі хабарлады.
20.09.2017
АХҚО қандай бағыттарды дамытатын болады
АХҚО қызметінің негізгі бағыттары - капиталдар нарықтарын дамыту, жекеменшік және мемлекеттік активтерді, қорларды басқару және жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, исламдық қаржыландыру, жаңа қаржы технологиялары, «жасыл қаржыландыру» құралдарын енгізу». Олар туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында кеңінен айтып берді.
20.09.2017
Дін істері комитеті рухани тәрбие қағидаларын насихаттауда
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Павлодар облысында болып қайтты.