28.09.2017
«WestKazInvest-2017» форумы ең батыл жобаларды іске асыруға көмектеседі - әкім
Оралда «WestKazInvest-2017» IV халықаралық инвестициялық форумы өтті, оған 500-ден астам бизнес өкілі, әлеуетті инвестор-компаниялар, ұлттық компаниялар, даму институттары мен мемлекеттік басқару органдары, халықаралық бизнес топтардың, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық әріптестер қатысты.
28.09.2017
Ақтөбеде «Халықтық кеңсе» ашылды
Облыс әкімі «Халықтық Кеңсе» қоғамдық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Пилоттық режимде жұмыс істей бастаған жаңа әлеуметтік нысанның қызметі халық арасында үлкен сұранысқа ие. Бірегей жоба мемлекет басшысының «Жүз нақты қадам» ұлт жоспарында көрсеткен тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылды.
28.09.2017
Өскеменде ШҚО Достық үйінің 25 жылдығы мерекеленуде
Өскеменде Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божконың қатысуымен «Қазақстандағы және іргелес аумақтардағы этнодемографиялық үдерістер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
28.09.2017
ОҚО әкімі индустриалды аймақтардағы кәсіпорын басшыларымен кездесті
Кәсіпкерлерге қолдан жасалатын кедергілер жойылып, бюрократияға жол берілмеу керек. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірдегі іскер азаматтармен кездесуі барысында айтты.
28.09.2017
Ақтөбе облысында қуаттылығы 700 МВт электр станциясы салынады
Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» республикалық форумы өтіп жатыр.Әлемнің 21 елінен 300-ге жуық жерлестерімізді жинаған шараның ресми ашылуында жалпы сомасы 80 млрд. теңгені құрайтын бірқатар меморандумға қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.