02.10.2017
Қарағанды қаласының теміржол вокзалын қайта қалыпқа келтіруге 2,1 млрд теңге жұмсалады
Қарағанды қаласының теміржол вокзалын қайта қалыпқа келтіру мәселесі көптен бері талықланып келеді. Келесі жылы жолаушыларға жайлы жағдай жасалады деп уәде берілуде. Жобаны жүзеге асыру 2,1 млрд теңгені қажет етеді. Вокзалдың аумағы екі есе кеңейтіледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
02.10.2017
Қазгидромет ЭКСПО-2017-де таныстырылған фин инновациясын тестілеуде (ВИДЕО)
ЭКСПО-2017 аясында финдік серіктес AQT-420 атмосфералық ауа тетігін таныстырды, ол ластанған алты заттың концентрациясын өлшейді: көмірсутек оксиді, күкірт диоксиді, озон, РМ-2,5 және РМ-10 өлшенген бөлшектері. Финдік ноу-хау «Қазгидромет» РМК қызығушылығын арттырды. Мекеме 2017 жылдың 11 шілдесінен бастап аталмыш тәжірибені қолданып келеді. Бұл туралы толығырақ «Қазгидромет» РМК лабораториясының жетекшісі Дана Аманбаева айтып берді.
02.10.2017
2017 жылдың соңында Қарағанды облысында экономика өсімі 2% болады деп күтілуде
Қарағанды облысында жыл соңына қарай өндірістегі өнім өндіру өсімі 2 пайызға жетеді деп күтілуде. Аймақтың экономикасы тұрақты дамуды көрсетуде - базалық индикаторлар 4,2 %-ға өскен. Ол жайлы облыс әкімі Ерлан Қошанов облыстық мәслихат сессиясында депутаттар алдында есеп бергенде мәлімдеді.
02.10.2017
Н. Нығматулин Жапонияның елшісін қабылдады
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатаны қабылдады.
02.10.2017
Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 80156 теңгені құрады – ҰЭМ
2017 жылғы IІ тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 80156 теңгені құрады және 2016 жылғы ІI тоқсанмен салыстырғанда 5,2%-ға өсті.