06.10.2017
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06.10.2017
Н.Назарбаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті
Қазақстан Президенті Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06.10.2017
Қазақстанда аграрлық саланың ғылыми-зерттеу университеті құрылды
Қазақстанда Назарбаев университетінің үлгісі бойынша аграрлық саланың Ғылыми-зерттеу университеті құрылды. Бұл туралы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А. Күрішбаев оқу орнының 60-жылдығына арналған салтанатты шарада хабарлады.
06.10.2017
Д. Абаев өңірлік БАҚ-ты ынтымақтастыққа шақырды
Қазмедиа орталығында Өңірлік БАҚ Форумында қазақстандық масс-медиа мәселелері, олардың жай-күйі мен даму келешегі қарастырылды.
06.10.2017
Ақтауда өткен форумда арнайы экономикалық аймақтар таныстырылды
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында бүгін Ақтау қаласында Қазақстандағы Арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық әлеуетінің таныстырылымы өтті. Халықаралық форумға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Kazakh Invest» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев, 12 елден келген инвесторлар және Әзірбайжан, Түркия, Иран, Литва елдерінің консулдары қатысты.