09.10.2017
Б.Сағынтаев Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың айтқан сөздеріне қатысты Мәлімдеме жасады
Ағымдағы жылдың 7 қазанында Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жекелеген аспектілеріне қатысты орынсыз әрі екі елдің өзара достық қарым-қатынасына нұқсан келтіретін бірқатар мәлімдеме жасады.
09.10.2017
«ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу қазақстандық студенттерге серпін берді
Үкіметтегі баспасөз конференциясы аясында ҚР БҒМ жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру департаментінің директоры Гүлзат Көбенова, сондай-ақ Павлодар, Қарағанды, Шымкент қалалары университеттерінің ректорлары «Экспо-2017» көрмесінің жоғары оқу орындарының студенттеріне оң әсері туралы хабарлады.
09.10.2017
«ЭКСПО-2017» көрмесінің табысты өтуі келесі мамандандырылған көрмелерге үлгі болады – В.Лоссерталес
«ЭКСПО-2017» Комиссары Рәпіл Жошыбаев және Ұлттық компания Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов бастаған қазақстандық делегация Париж қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Атқарушы комитетінің кезекті отырысына қатысты.
09.10.2017
Мемлекет басшысына қазақ тілінің латын қарпіне негізделген жобасы ұсынылды
Елбасы Нұрсқлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
09.10.2017
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «А» корпусына іріктеудің қалай өткені тралы айтып берді
Биылғы жылы «А» корпусына іріктеу екі лауазым бойынша жүргізілді: комитеттердің төрағалары және аудандардың әкімдері. Жалпы, іріктеудің қалай өткені жайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова «А» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадрлық резервіне іріктеу қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында айтып берді.