11.10.2017
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы прогрессивті - Павел Казанцев
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы 32 әріп және апострофтан тұрады. Мен бұған дейінгі нұсқаға қарағанда осы нұсқаға прогрессивті деген баға берер едім, деді Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Ruh.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында.
11.10.2017
Ауылда кооперация дамуда - АШМ
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және өткізуде орталықтандырылған қызметін ұйымдастыру мақсатында ауылда кооперацияны енгізу бойынша және ауыл тұрғындарын тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтарын әлеуетін пайдалану жөнінде шараларды іске асыру бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органмен бірлесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
11.10.2017
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметі жетілдіріледі
Келер жылы еліміздегі мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарының қызметін трансформациялау көзделіп отыр. Мұндай жаңғырту қадамдары азаматтарға қызмет көрсететін тиімді еңбек институттарын қалыптастыруды көздейді. Бұл дегеніміз, енді жеке сектор да жұмыссыз азаматтарды оқытуға және кәсіби даярлауға, жұмысқа тартуға үлес қоспақ.
11.10.2017
ОҚО-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы 63 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 жылдар ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 63,8 мың гектар жер аудан, қала әкімдігі тарапынан мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов мәлім етті.
10.10.2017
ОҚО әкімі «Phoenix Global» компаниясының өкілдерімен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Phoenix Global» компаниясының ТМД және Орта Азия елдері бойынша аймақтық директоры Ашил Каул бастаған делегациямен кездесті.