11.10.2017
Қазақстан мен Қырғызстан бауырлас ел болған және қала береді – сарапшы
Соңғы кездегі Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасына байланысты пікірін заң ғылымдарының докторы, конституционалист, «Конституционализмді және демократияны дамыту институты» Қоғамдық қорының директоры Мереке Ғабдуалиев «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында білдірді.
11.10.2017
2017 жылғы 9 айында құрылыстағы баға өзгерді
Биылғы тоғыз айда құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексі 103,9%, машиналар мен жабдықтарға – 101,9%, өзге де жұмыстар мен шығындарға – 103,8%-ды құрады.
11.10.2017
Үнемделген қаражат есебінен Жетібай-Жаңаөзен жолдары салынады
Жетібай-Жаңаөзен жаңа жол учаскесі Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы келісім-хат аясында 73,3 млн доллар көлемінде үнемделген қаражат есебінен салынады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында мәлім етті.
11.10.2017
ҚР Президентінің Өкімімен Қ. Бозымбаевқа сөгіс жарияланды
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
11.10.2017
Астана мен Афина сауда-экономикалық өзара іс-қимылды барынша күшейтуге мүдделі
Грекия астанасы Еуропа мен Азия арасында сауда және көліктік дәліздерін дамытуға қатысты маңызды мәселелерді талқылаудың орталығына айналды.