24.10.2017
Жапондық ғалымдар Алаш қозғалысының тарихын зерттеуге мүдделі
Орал қаласында Алаш қозғалысының 100 жылдығына байланысты "Алаштан Тəуелсіздікке жəне Қазақстанның ұлттық бірігуіне" атты халықаралық конференция басталды. Конференцияда Ресей, Өзбекстан, Жапония, Қазақстан ғалымдары баяндама жасауда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
24.10.2017
Павлодар облысында киелі жерлерге экскурсиялар жасалды
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында «Қасиетті жерлерге саяхат» акциясы аясында күзгі екі айда 19 қалалық мектеп пен 5 ауыл колледжінің 218 оқытушысы мен 2766 студенті облысымызда қасиетті жерлерге бірегей экскурсиялар жасады.
24.10.2017
Қостанай облысында ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Қостанай облысында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді.
24.10.2017
Айман Мұсақожаева Канаданы қайта бағындыруда
Торонтода Қасиетті Үштік шіркеуінің готикалық ғимаратының органдық залында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Айман Мұсақожаеваның концерті өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
24.10.2017
Алматы облысында ірі ет өңдеу кешені салынады
Германиялық «BaumanGmbh&COKG» компаниясы Алматы облысында ірі ет өңдеу кешенін салады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.