27.10.2017
Таңдалған әліпби нұсқасы қолайлы әрі тиімді болып отыр – сенатор
Қазақ әліпбиінің таңдалған нұсқасы қолайлы әрі тиімді болып отыр. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов мәлімдеді.
27.10.2017
Отандық ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты 7,8%-ға артты – Н.Әлтаев
Отандық ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты 7,8%-ға артып, 1,2 млрд долларды құрады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Парламент Сенатындағы дөңгелек үстел барысында айтты.
27.10.2017
Қазақстандық экспорттың дамуы дұрыс экспорттық стратегияға байланысты - Т. Сүлейменов
Экспорттық стратегия - бұл қазақстандық экспорттың даму бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат. Экспорттаушылар үшін "бір терезе" жүйесінің енгізілуі экспорттық операцияларды қаржыландыруды арттыруға және экспорттаушылардың өтінімдерін қарау мерзімі мен рәсімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ҚР Парламентінің Сенатында өткен дөңгелек үстел барысында мәлім етті.
27.10.2017
ЭКСПО-да ұсынылған жобалардың ең көбі Қарағанды облысында жүзеге асырылып жатыр
Қазақстан бойынша әлемдік көрмеде ұсынылған 190 жоба пайдаланылады деп жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
27.10.2017
Қарағанды облысында Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған шаралар қорытындыланды
Қарағанды облысында өскелең ұрпақты ғұлама ойшыл секілді әдемі және сауатты сөйлеу, әңгімелесуші адамын иландыруға үйрету мақсатында «Қазыбек бидің қызметі мен шығармашылығы қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды факторы ретінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.