02.11.2017
Астанада бірыңғай ахуал орталығы құрылады
Денсаулық сақтау басқармасы «Смарт медицина» шеңберінде бірыңғай ахуалдық орталық құруды көздеп отыр. Бұл онлайн режимінде қалалық медициналық мекемелердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
02.11.2017
Қазақстан «Doing Business 2018» рейтингінде 36-орынды иеленді
Қазақстан 2017 жылғы 1 қарашада (Астана уақыты бойынша) жарияланған «Doing Business 2018» Дүниежүзілік Банк рейтингінде Италия (46 орын), Бельгия (52 орын), Израиль (54 орын), Грекия (67 орын), Түркия (60 орын) секілді ЭЫДҰ-ның елдерін басып озып, 36-орынды иеленді, деп хабарлады ҰЭМ.
01.11.2017
Қ. Тоқаев Иордания Королін Президент Н. Назарбаев сыйлығын алуымен құттықтады
Астанаға ресми сапармен келген Иордания Королі Абдалла II Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
01.11.2017
Елімізде биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі 2% дейін артқан - АШМ
ҚР ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болып қайтты. Облыстық әкімдікте өткен семинар-кеңесте ол саладағы жаңашылдықтар туралы баяндады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
01.11.2017
Президент әскери қызметті өткеру ережелерін бекетті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.