02.11.2017
Қырғызстан кеденін реттемесе, бақылау күшейе береді
Қырғыз тарапы кедендегі кемшіліктерді ретке келтіру ұсынысына әлі ресми түрде жауап берген жоқ. Алайда осылай жалғаса берсе, кедендегі бақылау жұмысын күшейте береміз. Бұл туралы «Жаңа Еуразия: Еуро-азиялық трансқұрлықтық маршруттарда көлік-логистикалық жүйелерді дамыту» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық конференцияның кулуарында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
02.11.2017
Е. Саиров: Латын әліпбиі қазақтың рухани брендін қалыптастырудағы төте жол
Өскемен жастары мен қоғам белсенділері, қоғамдық ұйым өкілдері арасында латын әліпбиіне өту мәселесі бойынша кездесу өтті. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерімен және жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу барысында қоғамдағы латын әліпбиінің алар орыны мен қолданылуы, оған деген жастардың көзқарасы талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
02.11.2017
ҚР МСМ: Жылдан жылға қазақстандық медиа өнімнің көлемі артып келеді
Биыл 39 телевизиялық сериал түсіру жоспарланған. Сондай-ақ, қазір қазақстандық медиаконтенттің сапасы артуда, деді Ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаев Парламент Мәжілісіндегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау барысында.
02.11.2017
Б. Сағынтаев Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті.
02.11.2017
ҚазАвтоЖол: республикалық жолдардың құрылысына 10 мыңға жуық жұмысшы тартылған (ФОТО)
Бүгінгі күні республикалық маңызы бар барлық учаскелер бойынша 10 мыңнан астам жұмысшы тартылуда. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы жалпы ұзақтығы 2 мың км-ден астам жеті жоба бойынша жұмыстар одан әрі жалғасатын болады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ желіні дамыту департаментінің директоры Ерлан Қалымов "Стратегия" пікірталас клубының студиясында.