06.11.2017
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері өседі
1 қаңтардан бастап, ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгереді. Бүгінгі күнгі мөлшер – 24 459 теңге болса, енді бұл мөлшер 16% ға көтерілмек, деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
06.11.2017
Елбасына діни қызмет саласындағы жұмыстың нәтижелері баяндалды
Қазақстан Президенті Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06.11.2017
Зейнетақыны тағайындау еңбек өтіліне қарай есептелетін болады
Бүгінде базалық зейнетақы төлемдері еңбек өтілі есепке алынбай барлығына біркелкі беріліп келсе, алдағы жылы 1 шілдеден бастап еңбек өтіліне қарай есептеліп бөлінетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
06.11.2017
Ғалымдар жылусорап жүйесінің көмегімен зиянды шығарындылар көлемін азайтуды ұсынып отыр
Қазақстанда дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану арқылы жылусорап технологияларымен зиянды заттар шығарындыларын азайту ұсынылуда. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз оратылығында «Энергоүнемдеу және энерготиімділік технологиясы» ҒЗИ директоры Алтай Әлімғазин хабарлады.
06.11.2017
Жаңаөзенде «Нұр-Капитал» жобасы іске қосылды
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орта және шағын бизнесті қолдауға әрі дамыту үшін бүгін «Нұр-Капитал» жобасының тұсауы кесіліп, үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.