10.11.2017
Тамақ өнімдерін сауда нысандарына қоюдың санитарлық талаптары жеңілдетілді
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы объектілеріне қойылатын санитариялық қағидалар талаптарын қайта қарау бойынша жүргізілген жұмыс туралы айтып өтті.
10.11.2017
Қарағанды облысында жүйе құраушы кәсіпорындармен Жол карталарын жасау бойынша жұмыс басталды
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өңірдің бірқатар нысандарында болды, селолық округтердің тұрғындарымен кездесіп, оларға әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселесі бойынша түсіндірулер берді.
10.11.2017
ОҚО Германиямен тың жобаларды іске асыруға мүдделі
ОҚО Германиямен тың жобаларды іске асыруға мүдделі. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесуде айтты.
10.11.2017
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшысы АХҚО қайда орналасатынын айтты (ФОТО)
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшысы Ахметжан Есімов «Астана» халықаралық орталығы қайда орналасатынын айтты.
10.11.2017
Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.