17.11.2017
Мемлекеттік наградаларға кандидаттар анықталды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
17.11.2017
Астана жұмыссыздықты шешу мәселесі бойынша алдынғы орында
Елорда республика ойынша ең төменгі жұмыссыздық деңгейімен жетекші орынды сақтап отыр. Қалалық Статистика департаментінің мәліметі бойынша 2017 жылдың III тоқсанында Астана қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,5 (республика бойынша - 4,9%) құрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
17.11.2017
Астанада «Ғарыштық белгілер» көрмесі өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)
«Мәңгілік Ел» қақпасы ғимаратында ЮНЕСКО халықаралық стандарттары бойынша ғылым және өнер докторы, арт-терапевт, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші, ақын Бақтыбек Талқамбаевтың «Космические знаки» («Ғарыштық белгілер») атты жеке көрмесі өтті.
17.11.2017
Б. Сағынтаев Жамбыл облысында ИИДМБ жобаларының іске асырылуымен танысты
Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өңірдің ірі жүйе құраушы кәсіпорны – ҚР Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «Қазфосфат» ЖШС Қазақстандағы жалғыз минералды тыңайтқыштар зауытын аралап көрді, деп хабарлады primeminister.kz.
17.11.2017
Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, онда өңірде мемлекеттік бағдарламалардың және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы міндеттерінің іске асырылу барысымен танысады, сондай-ақ, АӨК дамыту мәселелері жөнінде жеке кеңес өткізіп, өңірлік кәсіпкерлермен кездеседі, деп хабарлады primeminister.kz.