27.11.2017
Дизель отынының резерві 159,5 мың тоннаны құрайды
Ағымдағы жылдың 21 қарашасындағы жағдай бойынша дизель отынының жалпы резерві 159,5 мың тоннаны құрайды. Бұл елдің қажеттіліктерін орташа есеппен 16 күн қамтиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.
27.11.2017
Павлодардағы МӨЗ бензин бойынша өзінің жоспарлы қуатына жетті
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы шеңберінде Энергетика министрлігінің 10 ай ішінде іске асырылған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Осы ретте Қ.Бозымбаев Мұнай өнімдері нарығындағы жағдай туралы да тоқталды.
27.11.2017
ҚР Президенті Қазақстанның АҚШ-тағы елшісімен келесі жылдың басында жасалатын сапарды талқылады
Елбасы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
27.11.2017
Т. Сүлейменов: Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары- экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізу (ФОТО)
2025 жылға дейінгі негізгі мақсат ЭЫДҰ ұйымы елдерімен салыстырылатын адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға алып келетін экономиканың сапалы және тұрақты дамуына қол жеткізу, деді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысының барысында 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жобасын таныстыру барысында.
27.11.2017
Ақордаға испан сәулетшісі келді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.