23.10.2017
« «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жоспарда 10 млн 100 мың шаршы метр тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға берілуі керек. Бүгінгі таңда министр Жеңіс Қасымбек 9 айдың қорытындысы бойынша аталмыш сан 7 млн 900 мың шаршы метрді құрағанын айтты. Жыл соңына дейін біз бұл көрсеткіштерге жетеміз, 99 мың тұрғын үй мен 10 млн шаршы метр баспана болады», - деді Роман Скляр.
Айта кетейік, бүгінгі отырыста Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 9 айдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 69,9 мың тұрғын үй немесе 9 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылғандығын айтты.
Ақбота Күзекбай