• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Даму» қоры мен БҰҰДБ энергияны үнемдеу бойынша келісімге қол қойды 13.10.2017

Бұдан былай еліміздің энергияны үнемдеу саласында тиімді жоба жасағысы келетін кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетіледі.

Бағдарламаға кез келген шағын және ірі бизнес өкілдері қатыса алады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» мен еліміздің Инвестициялар және даму Министрлігі тиісті келісімге қол жеткізді.

Оның айтуынша, кәсіпкерлерді қолдаудың бұл түрі алғаш рет тесттік режимде іске қосылады.

«Мақсатымызды жүзеге асыру үшін БҰҰДБ 3 млн АҚШ доллары көлемінде қаржылай грант бөлінді. Бұндай бағдарламалар еліміздің «жасыл» экономика саласына зор үлесін қосады деп сенеміз. Келісім «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 59-шы қадамы бойынша жасалды», - деді ол.

Айта кетейік, білікті мамандарды дайындау үшін еліміздің ЖОО-дарында энергияны үнемдеу бағытында 5 ғылыми және 20 білім беру орталықтары ашылды. 

Ақбота Күзекбай

Видео: Азамат Әлиев 


Back to the list