• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЭКСПО аясында энергия көздерін дамыту мәселесі қарастырылады 16.05.2017

ЭКСПО аясында Министрлік конференциясы және «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» сегізінші халықаралық форумы өтеді. Іс-шара аясында баламалы және дәстүрлі энергия көздерін дамыту мәселелері қаралатын болады.  

«Бүгінгі таңда еліміздің барлық энергетикасы көмірге негізделген. Бұл қазбалы отын және өкінішке орай, таусылуы мүмкін. Болашақта энергияны қайдан алатынымыз жайында ойлану керек. Қазіргі кезеңде дұрыс теңгерім іздеуге баса назар аударып, жаңартылатын энергия үлесін біздің тұтынушыларымыздың мүмкіндіктері шегінде сақтап тұру қажет», - деп атап өтті Болат Ақшолақов.

Қазақстанда жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясы дәстүрлі көздерден алынатын энергиядан қымбат болып табылатынын ескере отыра, мұндай қымбат электр энергиясын сатып алатын тұтынушылар болады ма деген сұраққа қатысты ойлану қажет, деді Б. Ақшолақов.


Back to the list