• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2016 жылы Оралда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 9 үй салынды 16.02.2017

Қала әкімдігі  хабарлағандай,  өткен жылы әр түрлі қаржыландыру көздерінен қала бойынша жалпы ауданы 191,8 мың шаршы метрді құрайтын 2008 пәтер қолданысқа берілді, бұл 2015 жылғы көрсеткіштің 122,3%-ы.

Соның ішінде қолданысқа берілген 85,4 мың шаршы метр – қала тұрғындары қаржысы есебінен, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 97,3 %-ды құрады. Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде жалпы құны 1,8 млрд. теңге 7 жоба жүзеге асырылды.

«Аталған жобалар қатарына қаладағы Солтүстік-шығыс ауданындағы жаңа ТЖЖ-дағы (ПДП) инженерлік желілердің құрылысы және Зашаған кентінде орналасқан жаңа шағынауданның ішкі орам жолдары мен шағынаудандағы су бұру каналдары жұмыстарын жалғастыру кіреді», - делінген хабарламада.

Қала бойынша 90 шақырымнан аса жаңа желілер салынды. Жаңа алаңның құрылысы аяқталып, 2 әлеуметтік жоба – Жастар және оқушылар сарайы, көпбейінді 300 орындық қалалық аурухана қолданысқа берілді. Аталмыш аурухана емдеу, аурудың алдын алу шараларына және Оралдағы шағынаудандар тұрғындарына білікті стационарлы медициналық қызмет көрсетуге арналған. Жобалардың жалпы құны – 11 млрд. теңге.


Back to the list