• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы облысында  полиция қызметкерлері   естелік аллеясына ағаш отырғызды (ФОТО) 07.11.2016

Алматы облысы ІІД-нің Баспасөз қызметі хабарлағандай, патриотизмді күшейту, қызметтік жауапкершілік сезімі мен полиция қызметкері атағына құрмет көрсету мақсатында өткізіліп жатқан іс-шарада офицерлер мен сержанттар алдында жаңа плацта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, 16 жас полицей ант қабылдап, ішкі істер органдарының 12 қызметкері өздерінің арнайы атақтарын алды.  

Шара барысында қызмет барысында қаза болған милиция сержанты Бауыржан Ақылбековті еске алуға орай өткізілген шағын футбол турнирінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген шараның соңында Департамент басшылығымен Естелік аллеясына 25 шырша ағашы отырғызылды.

                        

 


Back to the list