17.01.2015
«Аталған заң жобасы ҚР Конституциясымен және Қазақстан мүшелік ететін өзге де халықаралық келісімдермен бекітілген мүгедектердің азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және өзге де құқықтар мен еркіндіктерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін өзге азаматтармен теңестіруге бағытталған», - делінген хабарламада.
Заң жобасының басты міндеттемесі қоғамда интеграциялануы мен өмір сүруіне мүгедектердің теңдей мүмкіндік алуына, бейімдеу саласындағы қызмет көрсету тетіктерін жетілдіруге, халықтың жүріп-тұруы қиын бөлігі мен мүгедектердің өміріндегі негізгі салаларына қызмет көрсету нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Айта кету керек, қазіргі таңда конвенцияны 151 мемлекет ратификациялаған. ТМД елдерінен ішінен олардың арасында Армения, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, РФ мен Украина.
Министрліктің хабарлауынша, конвенцияның ратификациялануы Қазақстанда өмір сүріп жатқан 627 мүгедек пен олардың отбасыларына конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуде қосымша қызметтер ұсынады.