• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы Қазақстанда 93 млрд. кВтсағ астам электр энергиясы өндірілді 02.01.2015

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, республика халқын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету тұрақты режимде жүзеге асырылып келеді. Ағымдағы жылдың басынан бері 93 млрд. кВтсағ астам электр энергиясы өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 2,1%-ға артық. Энергия көздері қоймаларында 4,5 млн. тонна көмір және 157 мың тонна мазут жиналған, яғни қор нормаларына сәйкес. Энергия кәсіпорындарының негізгі құрал-жабдықтарын жоспарлы жөндеу аяқталды. 

Өңірлерде әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдар бағаларды тұрақтандыру бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруда.  

Ұлттық экономика министрлігі облыс әкімдіктерімен бірге бағаларға тұрақты мониторинг жүргізіп, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандырма қорларын қалыптастыру және пайдалану бойынша жұмысты жалғастыруда. Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына негізсіз баға арттыру, нарық субъектілері арасында баға келісімі, отандық тауар өндірушілерінің сауда нысандарына қолжетімділікті шектеу деректері айқындалған жағдайда заңнама аясында сәйкес шаралар қолданылады. Жалпы азық-түлік тауарларының бағаларын бақылау тетігі жасалып, табысты жүзеге асып келеді.  


Back to the list