01.01.2015
«Әлемдік экономикадағы бүгінгі қиындыққа қарамастан биыл да әл-ауқатымыз арта түсті», - деді Ұлт көшбасшысы .
Қазақстан Президентінің айтуынша, келер жыл – терең тарихымызға, құқықтық негізімізге, берекелі бірлігімізге құрмет көрсететін жыл. Қазақ халқы қой түлігін ежелден құт-берекенің басы деп білген. Ендеше, алдағы Қой жылы молшылық пен ырысын ала келсін! Еліміздегі әр шаңырақтың дәулеті мен сәулеті артып, татулығымыз нығая берсін!