09.08.2014
«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында салынған, құрылысына 450 млн. теңге қаржы жұмсалған жаңа үйден пәтер алушылар алдымен аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссияның сұрыптауынан өткен. Сосын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға құжат тапсырып, банктің құптауын алған.
Яғни жас отбасылар пәтерді бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық мөлшермен жалға алады. Сосын 8 жыл бойы пәтерде жалдау құнын және коммуналдық төлемдерді төлеп отырады әрі сонымен қатар бір мезгілде жинақ шотында пәтер құнының жартысын жинайды. Жартысы жиналғаннан кейін жас отбасылар тұрғын үйді жекешелендіріп, пәтерді өз меншігіне біржола ала алады. Жаңа үйдегі 6 пәтер екі бөлмелі, қалған 30-ы бір бөлмелі.
Әкімдікте хабарлағандай, Ақсайда баспанаға мұқтаж жастар өте көп. Сондықтан алдағы уақытта да тұрғын үй салу қарқынды жүргізілмек. «2012 жылы екі үйдің құрылысын бастаған едік. Бұған дейін 75 пәтерлік бес қабатты үйді пайдалануға берген болсақ, екіншісі осы 90 пәтерлік үй. Күні бүгін барлық санаттағы азаматтар үшін 144 пәтерлік тоғыз қабатты үй салынуда.