• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШОБ – Жалпы еңбек қоғамының мықты экономикалық негізі 19.04.2014

«Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы – барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған нақты тәжірибелік бағдарламаларды қамтитын жаңа стратегиялық құжаттың форматы. Жолдауда үлкен міндет қойылған – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену мақсаты. Стратегиялық жоспар – біз үшін жаңалық емес, Қазақстан 50 елдің қатарына ену жоспарын да орындады. Сол үшін алға қойылған жұмыстардың ұзақмерзімді бағыттары дайындалды. Жеткен жетістіктердің нәтижесі барлық қазақстандықтардың еңбегі болып табылады. Бұл тек қана дерек емес, қазақстандық халықтың мақтанышы болып табылатын мемлекет пен қоғамның мүддесінің тоғысуы», - дейді Қанат Мусин.

Оның айтуынша, ғылыми экономиканы құру – қазақстандық ғылымның әлеуетін көтерудің бастамасы.

«Аталмыш бағыт бойынша венчурлі қаржыландыру, интеллектуалдық меншікті қорғау, инновация мен зерттеулерді қолдау, ғылыми жұмыстарды коммерциялау туралы заңнамаларды жетілдіру көзделген. Осыған орай Мемлекет басшысы Үкіметке биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті заңнамалардың пакетін Парламенттің қарауына ұсынуды тапсырды», - дейді.

Қ.Мусиннің айтуынша, жаһандық рейтингке сай Қазақстан кәсіпкерлікке барынша қолайлы жағдай жасаған елдердің қатарына енеді.

«Осы үрдісті біз одан ары дамытуымыз керек. Шағын және орта кәсіпкерлік – Жалпы еңбек қоғамының мықты экономикалық негізі. Ол үшін жеке меншіктің институтын заңнамалық нығайту бойынша кешенді шешімдерді дамыту қажет. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін барлық құқықтық нормаларды алып тастау керек. Әлеуметтік-экономикалық реформалардың құқықтық қамтамасыз етілуі ақылға қонымды, жүйелі, нәтижеге бағытталған болуы керек. Реформалаудың тиімділігі мемлекеттік органдардың, іскер орталардың, ғылыми қауымдастықтың, кәсіпкерлердің қалыптастырған жұмысына байланысты болмақ», - дейді Қ.Мусин.


Back to the list