• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жолдаудағы міндеттемелерді орындауға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы қызметкерлерінің ғылыми қызметі бағытталған 10.04.2014

 «Мемлекет басшысы 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Жолдауында үшінші басым бағыт ретінде бірінші кезекте қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыратын ғылыми экономиканы құру міндеттемесіне назар аударады. Аталмыш бағыт аясында төмендегі шаралар қолға алынбақ: еншілес қаржыландыру бойынша заңнаманы жетілдіру, зияткерлік меншікті сақтау, зерттеу мен инновацияны қолдау, ғылыми жұмыстарды коммерциялау. Осы орайда Үкіметке тиісті заң жобаларын дайындап, заң шығарушы органдардың қарауына енгізуін тапсырды. Сонымен қатар елімізде жұмыс істеп тұрған нақты жаңалықтар мен жұмыстар бойынша ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңімен көбейтіп, бұл көрсеткішті дамыған елдердікімен бірдей ету», - дейді З.Құтбаева.

 Оның айтуынша, аталмыш міндетті іске асыруға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қызметкерлерінің ғылыми қызметі бағытталған. Бұл өз кезегінде зерттеудің жан-жақтылығын білдіріп, әрбір зерттеуде теория мен тәжірибе өзара үндестік таппақ.

 «Ғылым туралы аталмыш есепке сай республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 13 ғылыми-зерттеу жұмысы іске асырылып, халықаралық ұйымдардың қаражатымен қаржыландырылатын 6 ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылды. Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен Академияның ғылыми қызметкерлері тарапынан 2012-2015 жылдарға арналған «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» тақырыбында 16 жоба жариялауға дайындады», - дейді З.Құтбаева.

 Ғылыми қызметкердің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет агенттігі тапсырмасымен 015 «Мемлекеттік қызмет саласындағы ғылыми-қолданбалы әдістемені дайындау мен ғылыми зерттеу өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында атқарылатын 4 тақырыпты атауға болады.  

 «Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтжесінде қолданбалы және фундаменталды зерттеу арасындағы тығыз байланыс орнататын сараптама негізіндегі тәжірибелік ұсыныстар дайындалуда. Агенттіктің тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мемлекеттік органдар жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар беретін әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстар дайынадалуда. Тәжірибелік ұсыныстар бағдарлама жобалары, ғылыми тұжырымдама және т.б. жұмыстарды дайындау бойынша ұсыныстарды қамтиды», - дейді З.Құтбаева.


Back to the list