10.05.2014
«Қазіргі таңда «Бәйтерек» ғарыш кешенін құру жобасы токситті емес зымырандық отын бөлшектерін қолданатын қолданыстағы «Зенит» зымыран тасығышы базасында іске асыру жоспарланған. Бұл жобаның тиімді іске асырылуы үшін Қазақстан, Ресей мен Украина арасында үш жақты ынтымақтастық қажет. Осы орайда үш елдің ғарыш ведомстволары жетекшілерінің кездесуін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде», - дейді Т.Мұсабаев.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан мен Ресейдің Мемлекет басшылары «Бәйтерек» жобасын іске асыру туралы шешім қабылдаған еді.
«2013 жылдың 28 наурызындағы Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының «Байқоңыр» кешені бойынша бірінші отырысында Қазғарыш пен Роскосмос тарабынан ұсынылған келісілген «Бәйтерек» жобасын «Зенит» ЗТ-на кезеңімен аудару мәселесі мақұлданды. Алайда бұл жобаны тиімді іске асыру үшін Қазақстан, Ресей мен Украина арасында үш жақты ынтымақтастық қажет. Осы орайда үш елдің ғарыш ведомстволары жетекшілерінің кездесуін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде», - дейді Т.Мұсабаев.
Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей Мемлекет басшылары 2004 жылдың 9 қаңтарында «Байқоңыр» кешенін тиімді пайалану бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойып, жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзартып, ғарыш айлағының экологиялық мәселелерін жоғарытоксинді жанармай пайдаланатын зымырандарды ұшыруды кезең-кезеңімен азайту үшін жаңа экологиялық қауіпсіз ғарыш кешендерін құру жолымен шешуге келіскен.
Мадина Нұрбекова