• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
АЭА үшін Бірыңғай корпоративті орталық ашылады – Е.Сағадиев 20.05.2014

Е.Сағадиевтің мәліметінше, бүгінде АЭА басқарудың жаңа  пішіні дайындалуда.

Оның пікірінше, жұмыстың бірінші және ең маңызды бөлімі – АЭА-тың дамуына жеке бас жауапкершілігін арттыру.  

«Екінші бағыт – Бірыңғай корпоративті орталық құру. Оның «KAZNEX Invest» базасында әлемдік деңгейде құрылады деп үміттенеміз. Аталмыш жұмыстарға Бірыңғай корпоративті орталық айналысатын үздік әлемдік тәжірибені енгізу мақсатындағы жаһандық деңгейдегі «Джорунг» секілді кеңес берушілер тартылады», - дейді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда АЭА жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік бертін ұлттық заңнаманы дайындауымыз керек.

«Екіншіден, біз бірыңғай бизнес процестер дайындап, оны әрбір АЭА-қа енгіземіз. Бұл біздің «бір терезе» ұстанымымыз аясындағы жұмыс. Үшіншіден, біз роуд-шоулар өткіземіз. Оларды басқарушы компаниялардың өздері дайындайды, ал біз олардың түрлі шараларын ұйымдастырамыз», - дейді.

Жалпы, вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда АЭА басқару модулін дайындау жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл шетелдердегі роуд-шоулар басталады. 

Мадина Нұрбекова


Back to the list